фото: Сали Сабиров / ҰОК. Суретте: Әлішер Ерғали
Қазақ балуан Әлішер Ерғали Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында болгариялық Ален Хубуловпен болған белдесуде жеңісті уысынан шығарып алды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
125 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі іріктеу кезеңінде ол Ален Хубуловпен кездескен. Белдесудің алғашқы жартысынан кейін есеп тең болды – 4:4. Алайда шешуші сәтте қарсыласы орындаған әдіс басты рөл ойнады: қазақстандықтың жаттықтырушысы челлендж сұрады, бірақ нәтижесінде Хубуловқа бірден 4 ұпай берілді. Осы айырмашылық тым үлкен болып, Ерғали есепті қайыра алмады.
Айта кетейік, Әлішер Ерғали – Токио Олимпиадасының қатысушысы әрі Азия чемпионаттарының жүлдегері.
Бұл жарыста Қазақстан атынан 10 спортшы сынға түседі. Бұған дейін Азамат Дәулетбеков пен Асылжан Есенгелді секілді қазақ балуандары жеңіске жеткен болатын.