фото: Қазақстан бокс федерациясы. Суретте: Гүлсая Ержан
Қазақ боксшысы Гүлсая Ержан Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатындағы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Гүлсая Ержан ширек финалда аустралиялық Эзето Флитпен қолғап түйістірді. Нәтижесінде Гүлсая Ержан төрешілердің шешімімен (5:0) жеңіліс тапты.
Еске сала кетейік, бұған дейін 65 кг дейінгі салмақта Аида Әбікееваы Олимпиада чемпионын қапы қалдырып, сенсация жасады.