Қазақ қызы Олимпиада чемпионын қапы қалдырып, сенсация жасады

Қазақ қызы Олимпиада чемпионын қапы қалдырып, сенсация жасады

фото: Спортты дамыту дирекциясы. Суретте: Аида Әбікеева

Қазақ боксшысы Аида Әбікеева Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатындағы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Аида Әбікеева ширек финалда түрік қызы Бусеназ Сюрменалимен қолғап түйістірді. Нәтижесінде Аида Әбікеева төрешілердің шешімімен (5:0) жеңіске жетті.

Аида Әбікеева жартылай финалда Ирландия боксшысына қарсы шығады. Бұл жекпе-жек 11 қыркүйекте өтеді.

Айта кетейік, Бусеназ Сюрменали – бокстан әлемнің үш дүркін чемпионы. Сондай-ақ 2021 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарында топ жарған.

Ал Аида Әбікеева биыл Сербияда өткен әлем чемпионатында алтын медаль еншілеген.