Нұрбек Оралбай Украинаға кеткен есесін әлем чемпионатында қайтарды

Нұрбек Оралбай Украинаға кеткен есесін әлем чемпионатында қайтарды

фото: Владислав Семенов/ҰОК. Суретте: Нұрбек Оралбай

Қазақ боксшысы Нұрбек Оралбай Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрбек Оралбай жарыстың 1/16 финалдық кезеңінде украиналық Матвей Ражбамен кездесті. Айта кетейік, Ражба бұған дейін неміс боксшысы Бен Эгисті нокаутқа түсіріп, жеңген еді. Алайда бұл жолы қазақ боксшысы айқын басымдық танытып, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Нұрбек Оралбай 1/8 финалға жолдама алды, ал Матвей Ражба жарысты аяқтады.

Айта кету керек, НұрбекОралбай – 2024 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, сондай-ақ 2023 жылғы әлем чемпионы. Ал Ливерпульдегі бұл турнир – World Boxing ұйымы өткізген алғашқы ересектер арасындағы әлем чемпионаты ретінде тарихта қалды.

Сондай-ақ 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Махмұд Сабырхан жарыстың 1/16 финал кезеңінде мексикалық Брайан Оуэн Ортиспен кездесіп, 5:0 есебімен айқын жеңіске жетті.