фото: Қазақстан бокс федерациясы. Суретте: Махмұд Сабырхан
Қазақ боксшысы Махмұд Сабырхан Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Махмұд Сабырхан жарыстың 1/16 финал кезеңінде мексикалық Брайан Оуэн Ортиспен кездесіп, 5:0 есебімен айқын жеңіске жетті.
Осылайша, Махмұд Сабырхан келесі кезеңге жолдама алды, ал оның қарсыласы әлемдік біріншілікті мерзімінен бұрын аяқтады. Айта кетейік, әуесқойлар арасында Махмұд Сабырхан 2023 жылы әлем чемпионы, ал 2021 жылы күміс жүлдегері атанған. Сонымен қатар ол 2024 жылы Азия чемпионы атанып, 2022 жылы құрлықтық турнирдің күміс медалін жеңіп алған.