Сәкен Майғазиевтің келіні қайын атасының ел білмейтін құпиясын ашып қойды (ФОТО)

Сәкен Майғазиевтің келіні қайын атасының ел білмейтін құпиясын ашып қойды (ФОТО)

фото: ашық дереккөзден

Танымал әнші, "МузАРТ" тобының мүшесі Сәкен Майғазиевтің келіні желідегі парақшасында ерекше жазба жариялады.

Өнер иесінің келіні Әдия Instagram желісіндегі ресми парақшасында сторис салып, онда қайын атасы Сәкен Майғазиевке қатысты жазбаларды көрсетті. Осыдан біршама уақыт бұрын Сәкен Майғазиев лифтіде тұрып қалғанын айтқан еді. Міне, осы жағдайға байланысты Threads желісінің қолданушылары әзіл аралас қалжың жазып, түрлі жазба қалдырған.

"Әке, тредсте хит болып жатырсыз ғой", – деп жазды кейіннен Әдия.

Admin
Admin
Автор