"Әп сәтте… Тәубеңе келтіреді" – Сәкен Майғазиевтің жағдайы елді алаңдатты (ВИДЕО)

"Әп сәтте… Тәубеңе келтіреді" – Сәкен Майғазиевтің жағдайы елді алаңдатты (ВИДЕО)

фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "МузАРТ" тобының мүшесі Сәкен Майғазиев қонақ үйдің лифтінде тұрып қалғанын айтып, көпшілікті алаңдатты.

Әншінің сөзінше, ол басқа қаладағы қонақ үйде жарты сағаттан астам жедел саты ішінде қалып қойған. Бұл жағдайға қатысты Майғазиев өз ойымен бөлісті:

"Өте керемет қонақ үй. Антижарнама жасамай-ақ қояйын. Дәмді тамақ үшін, ашық қабақ үшін, құрақ ұшып қарсы алған үшін ризамын. Бәрі жүгіріп жүр. Алла разы болсын! Бірақ, лифттері кетіп қалған екен. Сондай жағдай болып жатыр. Әп сәтте қарап отырсаң. Неше түрлі дүниелерді еске түсіреді. Тәубеңе келтіреді. Ең бастысы ауа бар бұл жерде. Бәрі жүгіріп жүр. Естіді. Сигнализацияны бастым. Аман болыңыздап жақсылықта жолығайық. Ашуланбаңыздар. Шыққан кезде тағы жазам. Бір адамдардың жүгіріп, сені ашып, шығарып алуға тырысып жатқанын көріп отырмын. "Бір уақыттар келеді ғой. Ешкім сені шығарып алуға да тырыспайтын" деп терең тұңғиыққа батып, ойланып тұрған да жағдайым бар", – деді Сәкен Майғазиев.

Әнші кейінірек әзіл аралас пікірін де жазды:

"Алтындарым-ау, сол! Қонақ үй қызметкерлері барлығы жаны қалмай жүгіріп жүр. "Қазір шығарып аламыз! Ешқайда кетіп қалмаңыз" деп қояды. Қайда кетемін?", – деп әзілдеді өнер иесі.

Лифтіден шыққаннан кейін хабарын беремін деген Майғазиевті тыңдармандары біраз уақыт іздеп қалды. Кейін эстрада жұлдызы аман екенін жеткізді:

"Айттым ғой, адам баласы ұмытшақ деп. Лифтіден аман-есен шыққанымды айтам деп, ұмытып кетіппін. Баршаңызға мың алғыс! Алла разы болсын! Ешқашан лифтте қалып қоймаңыздар", – деп түйіндеді Сәкен Майғазиев.