Қазақ қызы Әбибә Әбужақынова әлем чемпионатының жартылай финалына шықты (видео)

Қазақ қызы Әбибә Әбужақынова әлем чемпионатының жартылай финалына шықты (видео)

фото: t.me/kazjudoteam

Қазақстан әйелдер дзюдо құрамасының көшбасшысы Абиба Әбужақынова Венгрия астанасы Будапештте өтіп жатқан 2025 жылғы дзюдодан әлем чемпионатында тамаша өнер көрсетіп, жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

48 келіге дейінгі салмақта белдесетін балуанымыз 1/8 финалда бельгиялық Лоис Петирді таза жеңіспен – иппонмен тізе бүктірді. Бұл белдесуде Абибаның шапшаңдығы мен техникалық шеберлігі бірден көзге түсті.

Сондай-ақ отандасымыз бұдан кейінгі ширек финалдағы белдесуін де сәтті аяқтап, жартылай финалға жолдама алды.

Бұған дейін, алғашқы айналымда ресейлік Марина Воробьеваға қарсы шыққан Әбужақынова қосымша уақытқа дейін созылған шиеленісті жекпе-жекте тиімді әдіс жасап, жеңісті өз еншісіне жазды.