Қазақ қызы таеквондодан Гран-при жарысында сенсация жасады

Қазақ қызы таеквондодан Гран-при жарысында сенсация жасады

фото: World Taekwondo

Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында таеквондодан Гран-при сериясының кезеңі басталды. Бұл беделді турнирге қазақ спортшылары да қатысуда, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасына алғашқы медальді Нодира Ахмедова алып келді. Ол 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап жатыр.

Үшінші орын үшін болған кездесуде Нодира Ахмедова Вьетнам спортшысы Тхи Ким Труонгпен кездесті. Қарсыласын 2:0 есебімен сенімді түрде жеңіп, қола медаль иегері атанды.

Айта кетейік, Муджудағы дода 31 тамызға дейін жалғасады. Оған 30 елдің 334-ке жуық спортшысы қатысып жатыр.