Бүгін, 28 тамызда Монакода Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді. Аталмыш шара барысында алматылық "Қайраттың" қарсыластары белгілі болады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Жеребе тарту рәсімі Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де басталады.
Еске сала кетейік, «Қайрат» алғаш рет тарихында Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңінде ойнайды. Биылғы маусымда қазақстандық клуб іріктеу кезеңінен сәтті өтті:
- бірінші раундта словениялық "Олимпияны" екі матчтың қорытындысы бойынша (3:1) жеңді;
- екінші раундта финлияндиялық "КуПС" командасымен тартысты кездесуде камбэк жасап (3:2), келесі кезеңге өтті;
- үшінші раундта словакиялық "Слованды" пенальти сериясында жеңіп (1:1, пенальти – 4:3), сенсация жасады;
- ал плей-офф кезеңінде шотландиялық "Селтикті" жарыстан шеттетіп (0:0, пенальти – 3:2), тарихи жетістікке жетті.
Бұған дейін Қазақстаннан тек "Астана" ғана Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткен еді (2015/16 маусымында). Ал "Қайрат" осыған дейін Конференциялар лигасының топтық кезеңіне дейін ғана барған болатын.