Суық хабар жетті: Елге танымал спортшы жарыс кезінде қаза тапты

Суық хабар жетті: Елге танымал спортшы жарыс кезінде қаза тапты

фото: ашық дереккөзден

Испанияның солтүстігіндегі Сория провинциясында Tenerife-Cabberty командасының 17 жастағы велошабандозы Иван Мелендес Луке қайтыс болды. Ол көпкүндік "Вуэльта Рибера дель Дуэро" жарысының екінші кезеңінде ауыр жарақат алған, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Eurosport арнасының дерегінше, 23 тамызда жарыс жедел жәрдем көліктерінің жетіспеуі себепті уақытша тоқтатылған. Кейін спортшының қазасы расталғаннан соң, ұйымдастырушылар жарысты мүлде тоқтатуға шешім қабылдады. Бұл көпкүндік додаға 150-ден астам велошабандоз қатысқан болатын.

Қайғылы оқиғаға байланысты Аранда-де-Дуэро қаласында екі күндік аза тұту жарияланды.

Халықаралық велоспорт одағы (UCI) және Испания Корольдік велоспорт федерациясы спортшының қазасына байланысты көңіл айтты.

"Халықаралық велоспорт одағы (UCI) Tenerife-Cabberty U19 командасының испандық велошабандозы Иван Мелендес Лукенің қаза болуына терең қайғырады. Ол веложарыс кезінде құлағаннан алған жарақаттарының салдарынан өмірден өтті", – деп жазылды ұйымның ресми X (бұрынғы Twitter) парақшасында.