фото: instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial. Суретте: Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұртас
Әнші Қайрат Нұртастың досы Қанат Көпбаев өнер иесін бесінші перзентінің өмірге келуімен құттықтап, сәбиінің жынысын көпшілікке жайып қойды.
"Қайрошты бүкіл отбасыммен сүйіп тыңдаймыз. Үлкені де, кішісі де. Қызыңның бауы берік болсын", – деп жазды ол.
Еске сала кетейік, Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова сәбидің дүниеге келгенін хабарлағанымен, оның жынысын құпия ұстаған еді.
Бұдан кейін өнер иесінің анасы Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде өзін сынап жүргендерге жауап қайырған болатын.