фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial
Танымал әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін өмірге әкелді. Бұл қуанышты хабарды ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп жазады Anyqtime.kz.
Жұлдыз жаңа туған нәрестесін құшағына алған сәтінен бейнежазба жариялап, астына қысқа ғана "Жаңа тынысым" деп жазған.
Желі қолданушылары жас анаға ақжарма тілектерін жаудырып, құттықтауларын жеткізді. «Бауы берік болсын, денсаулығы мықты болсын!», «Бесік боуы берік болсын, аман-есен өссін!» деген ізгі лебіздер көптеп жазылды.
Айта кетейік, жуырда Жұлдыз Әбдікәрімова төрт баласымен бірге болашақ сәбиінің жынысын анықтауға арналған gender party өткізген болатын. Сол кезде-ақ жанкүйерлері отбасына ақ тілектерін арнап, ананың амандығын тілеп келген еді.