"Сырттай бал ашып, біреуді өсектемеңіздер": Гүлзира Айдарбекова келіні жайлы ашып айтты

"Сырттай бал ашып, біреуді өсектемеңіздер": Гүлзира Айдарбекова келіні жайлы ашып айтты

фото: ашық дереккөзден. Суретте: Жұлдыз Әбдікәрімова мен Гүлзира Айдарбекова

Продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде өзін сынап жүргендерге жауап қайырды, деп хабарлайды Alash.kz.

Айдарбекова өз жазбасында кейбір желі қолданушыларына ренішін білдіріп:

"Менің отбасыма байланысты сұрақтар қойып жазып жатқандар. Біреудің жанұясын өсектегенше, өз әлеміңізбен, өз өміріңізді әдемілеп сүргеніңіз дұрыс шығар. Ештеңе білмей жатып, сырттай бал ашып, өсектегенше, өз басыңыздың қиындығын реттеп алғаны жөн болар, мысқылдағыш жандарға айтарым. Солай ма, достар?" – деп жазды.

Айта кетейік, жуырда Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін өмірге әкелді. Осыдан кейін әлеуметтік желі қолданушылары Гүлзира Айдарбекованың келінін құттықтап, жазба жарияламағанын талқылап, түрлі пікір қалдырған болатын.