фото: Chris Unger/Zuffa LLC. Суретте: Шавкат Рахмонов
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың (19-0) жаттықтырушысы Эдуард Базров Шон Брэдиге (18-1) қарсы жекпе-жек жайлы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Бұған дейін олардың айқасы 22 қарашада Катардың Доха қаласында өтетіні айтылған. Алдын ала мәліметке сәйкес, Рахмонов пен Брэди арасындағы жекпе-жек UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпиондық атағына үміткерді анықтамақ.
"Бәрі мүмкін. Бірақ әзірге нақты ештеңе айта алмаймын. Алдымен Шавкатпен сөйлесуім керек", – деді Базров.
Өз кезегінде Шон Брэди UFC оған қарсыластың есімін, жекпе-жек өтетін күн мен орнын ұсынғанын, өзі келісімін бергенін, бірақ қарсы тараптан келісім әлі расталмағанын айтты.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы рет өткен жылдың желтоқсанында октагонға шығып, төрешілердің шешімімен Иэн Гэрриді жеңген еді. Жақында ол UFC-дің салмақ дәрежесіне қарамастан үздік 15 спортшысының қатарына еніп, бұл Қазақстан үшін тарихи жетістік болды.