Қазақ балуаны әлем чемпионатында үлкен тарихи жетістікке жетті

Қазақ балуаны әлем чемпионатында үлкен тарихи жетістікке жетті

фото: Қазақстан күрес федерациясы. Суретте: Камиль Куруглиев

Болгарияның Самоков қаласында U20 әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Sportinside.kz.

92 кг дейінгі салмақта Камиль Куруглиев жарысты 1/8 финалдан бастады. Ол алғашқы белдесуінде америкалық Коннор Мирасоланы 7:5 есебімен жеңді.

Ширек финалда Камиль грузиялық Теймураз Кочкианиді 12:2 есебімен ойсырата жеңіп, жартылай финалға шықты. Бүгін кешке ол жартылай финалда әзербайжандық Анар Джафарлимен кездеседі.

Еске сала кетейік, еркін күрестен 125 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Азия чемпионы Едіге Қасымбек әлем чемпионатының финалына шыққан болатын.