18 жастағы қазақ баласы тарих жасап, әлем чемпионатының финалына шықты

18 жастағы қазақ баласы тарих жасап, әлем чемпионатының финалына шықты

фото: olympic.kz. Суретте: Едіге Қасымбек

Болгарияның Самоков қаласында 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Еркін күрестен 125 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Азия чемпионы Едіге Қасымбек жарысты 1/8 финалдан бастады. Алғашқы белдесуінде ол моңғол балуаны Нарантулга Дармаабазарды 15:12 есебімен жеңді.

Ширек финалда Едіге Оңтүстік Корея спортшысы Байджун Джангты 6:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты.

Жартылай финалда қазақ балуаны АҚШ өкілі Коул Мирасоланы 11:0 есебімен тас-талқан етіп, финалға жолдама алды.

Енді ертең Едіге Қасымбек алтын медаль үшін әзірбайжандық Юсиф Дурсунов пен ирандық Мохаммад Нежад арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен күреседі.