фото: ашық дереккөзден
Жас спортшы қыз джиу-джитсудан шеттетілді. Ол қарсыласына тыйым салынған әдіс қолданып, оның омыртқасына ауыр жарақат салған, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Джиу-джитсу әлемінде үлкен дау туғызған оқиға орын алды. Видеода көк кимона киген спортшы қызға өмір бойы спортпен айналысуға тыйым салынды. Оның әрекеті әдейі жасалған қастандық деп бағалануда.
"Ол бұл әдісті бір рет жасап көрмек болды, бірақ төреші тоқтатып тастады. Соған қарамастан қайтадан жасап шықты. Нағыз садист", – деп жазуда желі қолданушылары.
Желі қолданушыларының айтуынша, спортшы қыз ережелерді жақсы білген, себебі оның белбеуі – сұр, ал бұл әдіс ересектер арасында да қатаң тыйым салынған.
– Қылмыстық іс қозғау керек. Көк кимондағы қыз әдейі жасады, – деп жазды пікір иелері.
Қазіргі уақытта жарақат алған спортшы ем қабылдап, оңалту процедураларынан өтіп жатыр.