"Бөпе сияқты көрінді": Танымал актриса өзінен 6 жас кіші күйеуі туралы айтты (ВИДЕО)

"Бөпе сияқты көрінді": Танымал актриса өзінен 6 жас кіші күйеуі туралы айтты (ВИДЕО)

фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Мереке Қалбаева мен Арсен Акиев

Танымал актриса әрі блогер Мереке Қалбаева өзінің күйеуі туралы ел естімеген шындықты айтты.

Мереке Қалбаева журналист Аман Тасығанға берген сұқбатында өзінің күйеуі Арсен Акиевке қалай ғашық болып қалғанын баяндап берді.

"Махаббат деген өте жаман нәрсе. Менде басында бір грамм да сезім болмаған. Егер ешқандай вариант болмаса, тие саламын деген жігіттер болған. Ал мен Арсенге өліп ғашық боп қалдым. Басында маған Арсен бөпе сияқты көрінді, бірақ екі-ақ сағаттың ішінде еркек екенін мойындатып тастады. Өзінің болмысымен, жаратылысымен өзін дәлелдеп тастады", – деді Мереке Қалбаева. 

Еске сала кетейік, Мереке Қалбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріндегі ауыр кезең жайлы жазып, көпшіліктің назарын аудартқан еді. Сондай-ақ ол ажырасу тақырыбына қатысты ашық жазба жариялап, үш баламен жалғыз қалудың ауыртпалығы туралы айтты.