фото: Alash.kz коллажы
Белгілі блогер және актриса Мереке Қалбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріндегі ауыр кезең жайлы жазып, көпшіліктің назарын аудартты, деп жазады Alash.kz.
Жақында ғана Мереке жұбайымен бірге түскен суреттерін парақшасынан өшіріп, әсерлі жазба жариялаған болатын. Бұл әрекеті көпшіліктің көңіліне күдік ұялатып, жанкүйерлерін алаңдатты.
"Өмірдің заңы ғой, біз қаламаған дүниелер болады осылай. Қабылдамаймын деп отыра бере алмайсың. Мен депрессия болып жатып алатын жас қыз емеспін, олай жасасам мына балаларды кім асырайды? Бұлардың да мен жыласам көңіл күйі түседі. Бала ғой, қанша дегенмен анасын 100% сезеді. Менің стресс болғаным бұларға әсер етіп, ауыртады. Осы кішкентай жүректерім үшін сынбауға тырысамын. Әйел деген мықты халықпыз ғой негізі... Бірақ мықты болып та шаршайды екенсің", – деп жазды Мереке Қалбаева.