Бүгін, 17 тамыз – Халықаралық спорт күні

Бүгін, 17 тамыз – Халықаралық спорт күні

фото: pixabay.com

2013 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 6 сәуір Халықаралық спорт күні болып бекітілген. Бұл бастаманы алғашқылардың бірі болып Қазақстан да қолдаған еді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Тәуелсіздік жылдарынан бері еліміз спорт саласында елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Өңірлерде заманауи спорттық нысандар салынып, оған баратын халықтың саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Әсіресе бұқаралық спорт ерекше қарқынмен дамып отыр.

Мемлекет басшысы 2020 жылға дейін халықтың кемінде 30 пайызы спортпен шұғылдануы тиіс деген міндет қойған болатын. Осыған орай елімізде жыл сайын жүздеген республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстар ұйымдастырылады. Қазақстан тіпті Қысқы Азия ойындары мен Дүниежүзілік Универсиаданы өткізу құрметіне ие болды.

Ал кәсіби спортшыларымыз тәуелсіздік кезеңінде 6 жазғы және 7 қысқы Олимпиадаға қатысып, жалпы саны 70-ке жуық медаль жеңіп алды.