фото: ҚФФ/РПЛ. Суретте: Магомед Адиев пен Станислав Черчесов
Грозныйдың "Ахматы" Станислав Черчесов бас бапкер болып тағайындалғаннан кейін Ресей премьер-лигасында қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Бұл жолы "Ахмат" футбол клубы өз алаңында Магомед Адиев жаттықтыратын самаралық "Крылья Советовты" 3:1 есебімен ойсырата жеңді.
Айта кетейік, "Ахмат" клубы сапында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Максим Самородов өнер көрсетеді. "Ақтөбенің" бұрынғы ойыншысы Максим Самородов негізгі құрамда алаңға шығып, 88-минутта ауыстырылды.