Әлем чемпионаты қарсаңында құраманың көшбасшысына қатысты шұғыл ақпарат тарады

Әлем чемпионаты қарсаңында құраманың көшбасшысына қатысты шұғыл ақпарат тарады

фото: uww.org. Суретте: Жәмилә Бақбергенова

Күрестен Қазақстан әйелдер құрамасы ресми түрде тізімге кім кіретінін жарияламағанымен, 13-21 қыркүйек аралығында Загребте (Хорватия) өтетін әлем чемпионатына баратын спортшылардың бірі анықталды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, бұл – 72 келі салмақтағы Қазақстан командасының бірінші нөмірі Жәмила Бақбергенова.

Жәмилә Бақбергенова 2014 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған. 2021, 2022, 2024 жылдары өткен әлемдік додада күміс медальді қанжығасына байлаған. Қазіргі уақытта өз салмағындағы рейтингте 1-орында (54 200 ұпай) келеді.

Еске сала кетейік, еркін күрестен ұлттық құрама бапкерлері биылғы әлем чемпионатына баратын спортшылар тізімін бекіткен болатын. Команда сапында екі әлем чемпионы бар: Ризабек Айтмұхан мен Нұрқожа Қайпанов. Сондай-ақ, Ризабек Айтмұханның басты қарсыласы Әлішер Ерғали енді 125 кг салмаққа ауысты. Құрамада дебютант та бар – бұрынғы ресейлік балуан Начын Куулар да әлем чемпионатында бақ сынайды.