Ризабек пен Нұрқожа қатарда: Балуандарымыз әлем чемпионатын бағындыруға дайын

Ризабек пен Нұрқожа қатарда: Балуандарымыз әлем чемпионатын бағындыруға дайын

фото: sportinside.kz коллажы. Суретте: Ризабек Айтмұхан мен Нұрқожа Қайпанов

Еркін күрестен ұлттық құрама бапкерлері биылғы әлем чемпионатына баратын спортшылар тізімін бекітті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Команда сапында екі әлем чемпионы бар: Ризабек Айтмұхан мен Нұрқожа Қайпанов. Сондай-ақ, Ризабек Айтмұханның басты қарсыласы Әлішер Ерғали енді 125 кг салмаққа ауысты. Құрамада дебютант та бар – бұрынғы ресейлік балуан Начын Куулар да әлем чемпионатында бақ сынайды.

Толық тізім:

  • 57 кг – Әділет Әлмұхамедов
  • 61 кг – Асылжан Есенгелді
  • 65 кг – Начын Куулар
  • 70 кг – Нұрқожа Қайпанов
  • 74 кг – Әлібек Әбілқасым
  • 79 кг – Болат Сақаев
  • 86 кг – Азамат Дәулетбеков
  • 92 кг – Камил Куруглиев
  • 97 кг – Ризабек Айтмұхан
  • 125 кг – Әлішер Ерғали

Айта кетейік, әлем чемпионаты Хорватия астанасы Загребте 13-21 қыркүйек аралығында өтеді.