Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев актерлікке бет бұрғанын мәлімдеді

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев актерлікке бет бұрғанын мәлімдеді

фото: JACK GUEZ/AFP/GettyImages. Суретте: Серік Сәпиев

Қазақ боксшысы Серік Сәпиев еліміздегі алғашқы кәсіби бокс туралы спорттық драманың түсіріліміне қатысты. Unico Play түсіріп жатқан "Тренер Аға" сериалында ол эпизодтық рөлде көрінеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Олимпиада чемпионы әрі Вэл Баркер кубогының иегері Серік Сәпиевтің кадрлары Қарағанды мен Шахтинск қалаларында түсірілді. Қарағанды – тек қазақстандық бокстың тарихи отаны ғана емес, сонымен қатар Серік Сәпиевтің туған қаласы.

"Маған "Тренер Аға" жобасына түсу туралы ұсыныс түскенде, ойланбастан келістім. Бұл жоба менің жүрегіме жақын тақырыптар жайлы: спорт – қиындықты жеңудің жолы, өз жолын іздеген жастар және өмірде де, залда да қолдау көрсететін бапкерлер жайында. Спорттық оқиғаларды экранға шығару – жай ғана шоу емес, бұл – спортты насихаттауға қосқан үлес. Егер бір жасөспірім осы сериалды көргеннен кейін боксқа қызығып жатса, демек, еңбегіміз зая кетпегені", – деді Сәпиев.