фото: видеодан скриншот
Футболдан Қазақстан жасөспірімдер чемпионаты аясында кездескен "Тұран" мен "Екібастұз" командалары арасындағы матчта жанжал туындады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Ойынның 70-минутында екі команданың ойыншылары арасында қақтығыс шығып, ол тез арада жаппай төбелеске ұласты.
Төбелес кезінде жас футболшылардың бірі қарсыласын секіріп тұрып теуіп, артынша төмпештей бастаған. Бірнеше ойыншы жерге құлаған кезде, басқа футболшылар оларды аяқпен тебе бастаған.
Көп ұзамай қақтығысты тоқтату мүмкін болды. Осыдан кейін төреші бірден бірнеше ойыншыға қызыл қағаз көрсетіп, матчты мерзімінен бұрын аяқтау үшін үш рет ысқырды.