"Қазір Астанадамын": Мұстафа Өзтүріктің қызы ел естімеген жаңалығын жеткізді (ВИДЕО)

"Қазір Астанадамын": Мұстафа Өзтүріктің қызы ел естімеген жаңалығын жеткізді (ВИДЕО)

фото: ашық дереккөзден. Суретте: Неслихан Өзтүрік пен Мұстафа Өзтүрік

Танымал спортшы, таеквондодан бірнеше дүркін әлем чемпионы Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрік Қазақстанға ат басын бұрды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Неслихан Өзтүрік Астанада өтетін "Kazakhstan Open Astana" халықаралық жарысының құрметті қонағы болуға арнайы келген.

"Құрметті отандастар! Сіздермен ерекше жаңалықпен бөліскім келеді. Қазіргі уақытта мен Қазақстанның бас қаласы – Астанадамын. Мені Қазақстан таеквондо федерациясы "Kazakhstan Open Astana" турниріне құрметті қонақ ретінде шақырды. Осы шақырту үшін федерацияға шын жүректен алғысымды білдіремін. Менің әкем – Мұстафа Өзтүрік дәл осы федерацияның негізін қалаған. Ол ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, Қазақстанда мықты таеквондошылардың шығуына зор үлесін қосты. Әкем өз елін шексіз сүйетін. Сондықтан бұл сапар мен үшін өте маңызды. Бұл жарыс – менің әкеммен рухани байланыс орнату мүмкіндігі. Барлық спортшыларға сәттілік тілеймін!" – деп Неслихан Өзтүріктің сөзін 1bol.kz сайты келтіреді.

Айта кетейік, Неслихан Өзтүрік қазіргі уақытта Германияның Мюнхен қаласында тұрады. Бұған дейін ол қазақ тілін меңгеріп жатқанын айтқан еді.