"Қазақтарға қояр сұрағым көп": Мұстафа Өзтүріктің қызы қазақша үйреніп жүр (видео)

"Қазақтарға қояр сұрағым көп": Мұстафа Өзтүріктің қызы қазақша үйреніп жүр (видео)

фото: SN.kz. Суретте: Мұстафа Өзтүрік пен Неслихан Өзтүрік

Даңқты таеквондошы Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрік қазақ тілін үйреніп жүргенін мәлімдеп, қолдау білдірген баршаға алғысын айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

– Қазір мен қазақша үйреніп жүрмін. Бұл – мен үшін өте маңызды. Сіздермен байланыста болғаныма қуаныштымын. Айтарым көп, бірақ тілім келмейді. Оқуды, жазуды да меңгергім келеді. Қазақстанға қоятын сұрақтарым бар, бірақ әзірге тілім жетпей тұр. Үйренемін, сосын бәрін сұраймын, – деді Неслихан әлеуметтік желідегі жазбасында.

Видеоны осы сілтемеден көре аласыздар.