фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Суретте: Жәнібек Әбу-Бәкір
Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарында ел қоржынына бірінші алтын медаль түсті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Джиу-джитсудан әлем чемпионы саналатын 69 келідегі Жәнібек Әбу-Бәкір финалдық айқаста Фарид Бен Алиді 12:9 есебімен жеңіп кетті.
Бұған дейін джиу-джитсудан 62 келідегі Аслан Қанатбек қола жүлдегер атанған болатын.
Айта кетейік, Дүниежүзілік ойындарының өткен тарихында Қазақстан атынан тек 2022 жылы Галина Дуванова күміс жүлде және 2009 жылы Айжан Кукузова қола жүлдеге иелік еткен еді.