Шавкат Рахмоновтың болашағына қатысты ел естімеген жаңалық шықты

Шавкат Рахмоновтың болашағына қатысты ел естімеген жаңалық шықты

фото: ufc.com. Суретте: Шавкат Рахмонов

DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров UFC-дің жартылай орта салмақтағы үздік файтерлердің бірі Шон Брэдидің Шавкат Рахмоновқа жасаған ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

– Шон Брэди қараша айында Шавкатпен чемпиондыққа басты үміткер атағы үшін жекпе-жек өткізуге бірнеше рет шақырды. Бұған не айтасыз? Оны Шавкаттың келесі қарсыласы ретінде қарастыруға бола ма?

– Шон Брэдиде ондай құқық бар. Ол рейтингте жоғары орында тұр, сондықтан мұндай жекпе-жектерге үміттенуге және талап етуге толық мүмкіндігі бар. Көреміз не болатынын. Қазір бұл тақырыпта нақты ештеңе айта алмаймын. Жекпе-жек өткізгіміз келеді, бірақ қашан және кіммен болатынын әзірге айта алмаймын, – деді Базров Betonmobile-ға берген сұқбатында.

Еске сала кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген еді. Ол келесі жекпе-жегін жылдың соңында өткізуді жоспарлап отыр.

27 шілде күні таңғы 08:50-де Алматы – Екатеринбург тас жолының 299-шақырымында Toyota Land Cruiser 200 көлігінің жүргізушісі – Рахмоновтың жұбайы – көлікті басқара алмай, жол жиегіне аударылып кеткен. Апат салдарынан 39 жастағы бір әйел оқиға орнында көз жұмып, 35 жастағы екінші әйел ауруханаға жетпей қайтыс болды. Ал Гүлайым Рахмонова мен үш жасар ұлы Шу қалалық ауруханасына жеткізілді. Екеуінің де жағдайы – орташа ауыр. Сондай-ақ Шавкат Рахмоновтың жұбайы – Гүлайым Рахмонова екі адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу амалдарына тартылды. Бұл туралы Жамбыл облыстық Полиция департаменті хабарлаған еді.