"Әке, сені жақсы көремін": Елдос Сметов отбасымен бірге тренд түсіріп, жанкүйерлерін қуантты (ВИДЕО)

"Әке, сені жақсы көремін": Елдос Сметов отбасымен бірге тренд түсіріп, жанкүйерлерін қуантты (ВИДЕО)

фото: sportinside.kz коллажы. Суретте: Елдос Сметовтің отбасы

Қазақ дзюдошысы Елдос Сметов жұбайы және балаларымен бірге көңілді отбасылық видео түсіріп, жанкүйерлерін қуантты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Бейнежазбаның сюжеті бойынша, спортшының жары балаларын суретке түсіріп жатқан сәтте әкелері – Елдос Сметов арт жақта көрінбей тұрып суретке түседі. Бұл күтпеген сәт әлеуметтік желіде кең таралған танымал трендтің сәтті қайталануы болып, жанкүйерлердің көңілінен шықты.

Айта кетейік, Елдос Сметов 2024 жылы Париж Олимпиадасында 60 кг дейінг салмақта сынға түсіп, алтын медаль жеңіп алған еді.

Сондай-ақ әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстанның белгілі дзюдошысы Әбиба Әбужақынова енді спорттағы жаңа белеске қадам баспақ. Танымал спортшы жуырда өз атындағы дзюдо клубында бапкерлік қызметке кірісетінін мәлімдеді.