"Күйеуі тастап кетті": танымал актрисаның 6 жас кіші күйеуі туралы ел естімеген әңгіме шықты

"Күйеуі тастап кетті": танымал актрисаның 6 жас кіші күйеуі туралы ел естімеген әңгіме шықты

фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Мереке Қалбаева мен жолдасы

Танымал актриса әрі блогер Мереке Қалбаева әлеуметтік желідегі парақшасында тосын жазба қалдырды.

Бұған дейін Мереке Қалбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріндегі ауыр кезең жайлы жазып, көпшіліктің назарын аудартқан еді.

Кейіннен Мереке жұбайымен бірге түскен суреттерін парақшасынан өшіріп, әсерлі жазба жариялаған болатын. Бұл әрекеті көпшіліктің көңіліне күдік ұялатып, жанкүйерлерін алаңдатты.

"Махаббат әлемді құтқарады, ал керісіншесі құртады", – деп жазды ол.

Желі қолданушылары бірден пікір қалдырып, қолдау білдіріп жатты. Алайда, кейбір оқырмандар жағдайды хайп немесе жаңа жоба жарнамасы деп топшыласа, енді біреулері шынайы жан жарасын көріп, жанашырлық танытты.

"Осы трагедия жасамаңдаршы өтініш, еркектерді кінәлі жасап. Қазір ондай өмірге көніп отыратын әйел жоқ", "Ажырасу, қайта қосылу – әр адамның басынан өтетін дүние. Барлық адам өтетін кезең", "Әйел болғаныма өкінемін, барлық жауапкершілік менің мойнымда...", "Күйеуі тастап кетті", – деп жазды желі қолданушылары.