фото: shaiba.kz. Суретте: Бексұлтан Мәкіш
Қазақстандық шабуылшы Бексұлтан Мәкіш ресми түрде Канаданың "Уинсор Спитфайрз" клубына ауысты, деп Sportinside.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жас хоккейші CHL импорт-драфты аясында таңдалып алынған.
Өткен маусымда 17 жастағы Бексұлтан АҚШ-тағы Бостон академиясы құрамында ААА чемпионатының тұрақты кезеңінде 57 матч өткізіп, 121 (64 гол + 57 пас) ұпай жинаған.