фото: youtube.com/@Qstargroup. Суретте: Ақмоншақ Нұртазақызы
Әлеуметтік желі арқылы танымал болған мектеп директоры Ақмоншақ Нұртазақызы жұмысқа деген көзқарасын жеткізді.
Ақмоншақ Нұртазақызының айтуынша, ол мүлдем декретке шықпаған. Тек балаларының арасы жиілеп кеткен соң, амалсыздан декрет алғанын айтты.
"Табиғатымда жұмысты бірінші кезекке қоямын. Бейбарыс ұлымды босанғаннан кейін ауылдың өзінде няна қараған. Ата-әжесі де мектепте істейді. Кәусар қызымды босанғаннан кейін декрет алдым", – деді Ақмоншақ Нұртазақызы.
Танымал мектеп директоры Ақмоншақ Нұртазақызы алғаш рет сұқбат беріп, көпшілік алдына шықты. TikTok-тағы тренд видеолары арқылы танымалдыққа ие болған мектеп директоры Ақмоншақ Нұртазақызы көпшілікті таңғалдырған мәлімдеме жасаған болатын. Кейіннен Ақмоншақ Нұртазақызы өзін қолдап жатқан жандарға алғысын білдірді.