фото: youtube.com/@Qstargroup. Суретте: Ақмоншақ Нұртазақызы
Танымал мектеп директоры Ақмоншақ Нұртазақызы алғаш рет сұқбат беріп, көпшілік алдына шықты.
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына сұқбат берген Ақмоншақ Нұртазақызы бағдарлама барысында көңілі босап қалды. Балаларына ішкі жан сырын жеткізетін сәтте ол балаларына ерекше сөз арнады.
"Менің ақылды балаларым, сендерді жақсы көремін. Сендермен мақтанамын. Үлкен тұлға болып өсе беріңдер. Сендерге көңіл бөлмеген болсам, кешірім сұраймын", – делінген Ақмоншақ Нұртазаның хатында.
TikTok-тағы тренд видеолары арқылы танымалдыққа ие болған мектеп директоры Ақмоншақ Нұртазақызы көпшілікті таңғалдырған мәлімдеме жасаған болатын. Кейіннен Ақмоншақ Нұртазақызы өзін қолдап жатқан жандарға алғысын білдірді.