"Бриллиант жүзігін шешіп берді": Наркенже Серікбаеваға тойдың үстінде сый-сияпат жасалды (ВИДЕО)

"Бриллиант жүзігін шешіп берді": Наркенже Серікбаеваға тойдың үстінде сый-сияпат жасалды (ВИДЕО)

фото: видеодан скриншот. Суретте: Наркенже Серікбаева

Дәстүрлі ән өнерінің жарқын өкілі Наркенже Серікбаеваның өнеріне тәнті болған бір апамыз оны ерекше құрметпен марапаттады.

Бұл әсерлі сәт той үстінде орын алып, көпшіліктің жүрегін елжіретті. Жанына жақын әрі аса қымбат саналатын бриллиант жүзігін әншіге тарту еткен апамыз өз сөзінде былай деді:

"Сіз майдангерсіз, адамның жанына жалау болатын, жүрегіне жүрек жалғап, жылу беретін – менің сіңлім Наркенже. Мен осы уақытқа дейін ешкімге бермеген қолымдағы бриллиант жүзігімді сізге сыйлаймын, Наркенже", – деп тебірене сөйледі.

Бұл сыйлық – тек қымбат бұйым ғана емес, үлкен жүректен шыққан алғыс пен құрметтің белгісі.

Желі қолданушылары бұл оқиғаны жылы қабылдап, Наркенже Серікбаеваның шынайы өнер иесі екенін жарыса жазып жатыр:

"Наркенже әпкеміз барлық мақтауға лайық. Халықтың ризашылығына ие болу – үлкен мәртебе!", "Наркенже нар ғой, Алла екі қызғалдағының қызығын көрсін!", "Халық сүйіспеншілікпен сыйлаған дүние – ең үлкен марапат!"

Сондай-ақ дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева Баянауылда өткен құрылтайда ерекше құрметке ие болды.