фото: sportinside.kz коллажы. Суретте: Наркенже Серікбаева
Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева Баянауылда өткен құрылтайда ерекше құрметке ие болды.
Ел құрметіне бөленген өнер иесіне жергілікті жұрт жылқы мінгізді.
"Баянауыл төрінде өткен бұл құрылтай – тарихқа тағзым, ұрпаққа өнеге. Бірлігіміз бекем болғай!" – деп жазды әнші өз парақшасында.
Бұл жаңалыққа желі қолданушылары да қуана үн қосып, әншінің ел арасындағы абыройын атап өтті.
"Наркенже әпкемізге кім қандай сыйлық берсе де лайықты, жарасады, дауысы керемет", "Құтты болсын! Біздің ауылдың арда азаматтары мәрт қой, шіркін", "Баянның жігіттері мәрт қой", "Наркенженің абыройы биік халықтың алдында", – деп жазды желі қолданушылары.