"Келінім деп жаны шығып отыр": Сәкен Майғазиев келінін қызғыштай қорып отыр (ВИДЕО)

"Келінім деп жаны шығып отыр": Сәкен Майғазиев келінін қызғыштай қорып отыр (ВИДЕО)

фото: kursiv.media. Суретте: Сәкен Майғазиев пен ұлы Әділет, келіні Әдия

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің келіні Әдияға деген жылы қарым-қатынасы мен қорғанысты көзқарасы әлеуметтік желі қолданушыларының жүрегін елжіретті.

Әнші шәй үстіндегі бейресми әңгіме барысында келініне деген жанашырлығын білдіріп, оны қызғыштай қорып отыратынын ашық айтты.

"Келінін қорғайтын қайынатасы керек. Бұрын ұлым Әділет бойдақ кезінде аса уайымдамайтынбыз, анда-санда хабарласып қоятынмын. Қазір келінім Әдия үшін қатты уайымдаймын", – дейді Сәкен Майғазиев.

Желі қолданушылары әншінің келініне деген құрметі мен ененің (Динараның) сыпайылығы, көрегендігі туралы жылы лебіздерін қарша боратты. Көпшілік Динара ханымды салиқалы, байсалды келін, енді Әдияны сол жолды жалғастырады деп сенетінін жазып, баталарын берді.

"Динара мен Сәкеннің жүздері жылы", "Отбасыдан береке-бақыт кетпесін", "Келіндері ибалы", "Келінім деп жаны шығып отыр", – деп жазды желі қолданушылары.

Еске сала кетейік, әәсіпкер Гүлнар Әлмаханқызы Instagram желісіндегі ресми парақшасында Сәкен Майғазиевтің келінінің даналығына, тәрбиесіне тәнті болғанын айтып, видео жариялады. Сондай-ақ жеке брендпен айналысатын Динара Мырзажанқызы есімді Instagram қолданушысы Сәкен Майғазиевтің келіні Әдияның жұмысын анықтапты.