фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Әділет пен Әдия
Гүлнар Әлмаханқызы есімді Instagram қолданушысы Сәкен Майғазиевтің келіні турал айтып, көпшілікті таңғалдырып тастады.
Кәсіпкер Гүлнар Әлмаханқызы Instagram желісіндегі ресми парақшасында Сәкен Майғазиевтің келінінің даналығына, тәрбиесіне тәнті болғанын айтып, видео жариялады.
"Мені Сәкен Майғазиевтің келіні Әдия қатты таңғалдырды. Неге дейсіздер ғой? Неге ол мәһрге қымбат бриллиант немесе қымбат, үлкен басқа заттарды сұрамады? Өйткені оның артында үлкен тәрбиелік мәні тұр. Әдия келіннің сұрағаны тек қана бір алтын сақина", – деді Гүлнар Әлмаханқызы.
Видеоның соңында Гүлнар Әлмаханқызы өзінің кәсібі, бизнесі туралы шолу жасады.
Сондай-ақ жеке брендпен айналысатын Динара Мырзажанқызы есімді Instagram қолданушысы Сәкен Майғазиевтің келіні Әдияның жұмысын анықтапты.