Қазақ балуандары Венгрияда өткен турнирден алтын жүлдесіз қайтты

Қазақ балуандары Венгрияда өткен турнирден алтын жүлдесіз қайтты

фото: olympic.kz. Суретте: Жәмила Бақбергенова

Будапешт қаласында өткен "Polyák Imre & Varga János Memorial" халықаралық турнирінде қазақстандық балуандар табысты өнер көрсетті, деп Sportinside.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жарыс қорытындысы бойынша ел құрамасы жалпы саны жеті медаль жеңіп алды.

Еркін күресте 61 келі салмақта Асылжан Есенгелді үшінші орыннан көрінді.

Грек-рим күресінде Марлан Мұқашев (55 келі) күміс медаль алса, Ержет Жарлықасын (63 келі) мен Әлімхан Сыздықов (130 келі) қола жүлде еншіледі.

Әйелдер күресінде Жәмила Бақбергенова (72 келі) күміс медаль жеңіп алса, Нилуфар Раимова (57 келі) және Эльмира Сыздықова (76 келі) қола медаль иегерлері атанды.