"Перизат Қайрат жалғыз жымқырды деп ойламаймын": заңгер Шекеев өз пікірін айтты (ВИДЕО)

"Перизат Қайрат жалғыз жымқырды деп ойламаймын": заңгер Шекеев өз пікірін айтты (ВИДЕО)

фото: sportinside.kz коллажы. Суретте: Мейірман Шекеев пен Перизат Қайрат

Белгілі заңгер Мейірман Шекеев қазіргі таңда миллиардтаған ақшаны жымқырды деп айыпталып жатқан Перизат Қайрат туралы өз ойын айтты.

Мейірман Шекеев Stan.kz-ке берген сұқбатында осыншама көп ақшаны Перизат Қайраттың жалғыз өзі жымқырды дегенге сенбейтінін жеткізді.

"1991 жылғы қыз емес пе?! Жоғары білімі жоқ. Ол жалғыз істеді деп ойламаймын. Соншама миллиардтаған ақшаны бір қыз жеді деп ойламаймын. Оның қасында жоғары шенді адамдар болған. Оны өзі де айтып жатыр. Байбектің есімі, басқа да кісілердің есімдері аталып жатыр. Менің ойым әзірге солай. Бірақ оның құқықтық бағасын сот береді", – деді Мейірман Шекеев.

Еске сала кетейік, Мейірман Шекеев сұқбат барысында кімнің күйеу баласы екенін айтты.