фото: Tengrinews.kz/Болат Айтмолда. Суретте: Мейірман Шекеев
Белгілі заңгер Мейірман Шекеев Stan.kz-ке берген сұқбатында кімнің күйеу баласы екенін айтты.
Сұқбат барысында журналист заңгер Мейірман Шекеевтен "кімнің күйеу баласысыз?" деп сұрақ қойды. Өз кезегінде Мейірман Шекеев бұл сұраққа өзінің ешкімнің күйеу баласы емес екенін шегелеп тұрып жауап берді.
"Ешкімнің күйеу баласы емеспін. Қайда барсаң да, осы сұрақты журналистер қоюға тырысады. Көп жағдайда заңгерлер ақындар сияқты. Өзімнің жеке өміріме қатысты сұрақты тоқтатқым келеді", – деп жауап берді Мейірман Шекеев.