Шымкенттік "Ордабасы" футбол клубының кешегі жеңілісінен кейін команданың жанкүйері көзіне жас алып, жылап қалды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
УЕФА Конференция лигасының алғашқы іріктеу ойынында шымкенттік ұжым грузиялық "Торпедо Кутаисиден" жалпы есепте 4:5 есебімен жеңіліп қалды. Бұл нәтиже бойынша "Ордабасы" футбол клубы еурокубокпен қош айтысуға мәжбүр болды.
Осы ойыннан кейін сұқбат берген "Ордабасы" командасының бір жанкүйері жылап қалды.
"Ойыннан кейін масқара деп балағат сөздер айтты. Олар да ұтылып қаламыз деп ойнамады ғой. Ұтылып қалсақ болды, бірден жамандаймыз", – деп көзіне жас алып қалды.
Сондай-ақ "Ақтөбе" командасы Польшаның «Легия» клубына 0:1 есебімен есе жіберіп, Еуропа лигасының іріктеу кезеңінен шығып қалды.