"Ордабасы" 10 ойыншыға қарсы ойнаса да, өз алаңында жеңіліс тапты

"Ордабасы" 10 ойыншыға қарсы ойнаса да, өз алаңында жеңіліс тапты

фото: Meta-ratings.kz. Суретте: "Ордабасы" футбол клубының ойыншылары

"Ордабасы" футбол клубы УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңі аясында өткен ойында тең нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Шымкентте өткен ойында "Ордабасы" футбол клубы грузиялық "Торпедо Кутаисимен" 1:1 есебімен тең түсті. Грузиялық команда сапынан И. Бидзинашвили  матчтың 13-минутында есепті ашса, "Ордабасы" клубы сапынан Абылайхан Жұмабек 90+6-минутта есепті теңестірді. 

Алайда Грузияда өткен алғашқы ойында шымкенттік ұжым 3:4 есебімен есе жіберіп қойған болатын. Екі ойынның нәтижесі бойынша "Ордабасы" 4:5 есебімен ұтылып қалды.

Айта кетейік, ойынның 49-минутында "Торпедо Кутаиси" клубының ойыншысы Кверквелия қызыл қағаз алып, алаңнан қуылған болатын.