Бокс

Қазақстанды Олимпиада "алтынынан" айырған боксшы тосын мәлімдеме жасады

Ахмет Қанатұлы
Қазақстанды Олимпиада "алтынынан" айырған боксшы тосын мәлімдеме жасады
Фото: Buda Mendes/Getty Images. Суретте: Александр Хижняк

Париж Олимпиадасының чемпионы, украиналық боксшы Александр Хижняк келесі жылы кәсіпқой рингте дебют жасауды жоспарлап отыр, деп жазады Sportinside.kz.

29 жастағы спортшы әзірге әуесқой мансабын аяқтамайды. Оның айтуынша, ол қазір жарақатынан толық жазылып, қайта жаттығуға кіріскен.

"Келесі жылдан бастап кәсіпқой рингке шығуға ниеттімін. Қазір Александр Усиктің командасымен біргемін. Болашақта бірге жұмыс істеуіміз де мүмкін», – деді ол LuckyPunch-ке берген сұқбатында.

Еске салсақ, Париж-2024 Олимпиадасында Нұрбек Оралбайды финалда жеңіп, Қазақстанды алтын жүлдеден айырған дәл осы Александр Хижняк болатын.

Ахмет Қанатұлы