фото: facebook.com/bobek.samopoznanie. Суретте: Сара Назарбаева
Қазақстанның тұңғыш президентінің жары Сара Назарбаева Алматыдағы Ұлттық госпитальде ем қабылдап жатыр.
Мекеме директоры Асхат Браловтың айтуынша, оған барлық қажетті медициналық көмек белгіленген стандарттарға сай, білікті мамандардың бақылауымен көрсетілуде. Дегенмен, нақты диагноз бен емдеу әдістері медициналық құпия ретінде жарияланбай отыр.
Бұған дейін дінтанушы Бейбіт Сапаралы «Sadaq» агенттігіне берген сұхбатында:
«Сара апамыз тірі. Кезінде ұйып отырған әулеттің тағдыры мен болған ауыр оқиғаларды уайымдап, рухани ауруға шалдыққан», – деп мәлімдеген болатын.
Ол сондай-ақ Назарбаеваға Елбасы өзі келіп, қасында бірнеше күн болғанын, жағдайының ауырлаған тұстарын еске салды.
Қазір 85 жастағы Сара Алпысқызы дәрігерлердің бақылауында.