Белгілі ақын Исраил Сапарбай өмірден озды

Белгілі ақын Исраил Сапарбай өмірден озды

фото: видеодан скриншот. Суретте: Исраил Сапарбай

85 жасқа қараған шағында Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын, драматург және талантты сазгер Исраил Сапарбай дүниеден өтті.

Қаралы хабарды Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов Facebook парақшасында жариялады. Ақын ұзақ ауырғаннан кейін Қаскелеңдегі үйінде, отбасының қасында көз жұмған.

Исраил Сапарбай – лирикалық поэзияның шебері, көптеген пьеса мен танымал әндердің авторы. Оның шығармашылығы қазақ әдебиеті мен музыкасына елеулі үлес қосты. Артында мол мұрасы қалды.