фото: Ашық дереккөзден. Суретте: Мөлдір Мұқанова мен Тұрсынбек Қабатов
Танымал продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше видео жариялады.
Мөлдір Мұқанова бұл видеода актер жігітпен арнайы махаббат қойылымын қойып, үнсіз диалог арқылы сөйлесті.
"Бұл жай ғана видео. Бұл жай ғана өнер. Бірақ біреулер үшін – шын өмір! Бірақ, бәрібір… Сүйеміз. Сенеміз. Тағы да байқап көреміз. Өйткені жүрек – қорықса да, үміттенуден ешқашан шаршамайды", – деп жазды Мөлдір Мұқанова.
Еске сала кетейік, Мөлдір Мұқанова бұған дейін өмірден озған анасының бейнесін жасанды интеллект арқылы жандандырған болатын. Сондай-ақ ол әлеуметтік желіде өзінің қызымен бірге видео жариялаған еді..