фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Перизат Қайрат
2023 жылы Перизат Қайрат ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде (қазіргі – Мәдениет және ақпарат министрлігі) министрдің кеңесшісі қызметіне орналасуға тырысқан. Бұл туралы сот отырысында куәгер Ләззат Рыспек айтып берді.
Оның сөзінше, 2023 жылғы 17 мамырда министрлік аппаратының басшысы Перизат Қайратты кеңесші етіп тағайындау туралы бұйрыққа қол қойған. Бірақ келесі күні Ләззат Рыспек жұмысқа шыққанда, бұл бұйрықтың заңсыз екенін айтып, қайта қарауға жіберген.
Перизат Қайрат құжаттарын әкелгенімен, жоғары білім туралы дипломды ұсынбаған, ал оны кейінірек әкелетінін, Малайзия университетінде екінші немесе үшінші жоғары білім алып жатқанын айтқан.
Министрлік аппараты бұл негізде Перизат Қайратты жұмысқа қабылдаудан бас тартып, бұйрық жойылған, ал құжаттары өзіне қайтарылған.