фото: pixabay.com
Қазақстанның 16 өңірінде күн райының күрт өзгеруіне байланысты 11 маусымға дабылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді.
Астана: найзағай мен бұршақ
Елордада түстен кейін найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Жел шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15–18 м/с аралығында болады.
Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстары: найзағай мен өрт қаупі
Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде найзағай, бұршақ, жел екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Солтүстік Қазақстанда да осындай жағдай қайталанады. Петропавл мен облыстың кей аймақтарында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысы: найзағай мен өте жоғары өрт қаупі
Облыстың бірнеше аймағында найзағай күтіліп отыр. Оңтүстік бөлігінде аса жоғары өрт қаупі жарияланды.
Қарағанды мен Ұлытау: қатты жел мен бұршақ
Бұл өңірлерде найзағай, бұршақ, желдің екпіні 20 м/с-қа дейін күшеймек. Сонымен қатар, жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе мен Батыс Қазақстан: ыстық ауа райы мен өрт қауіпі
Ақтөбе облысында найзағай мен бұршақ, ал Батыс Қазақстанда 35–37 градусқа дейін аптап ыстық күтілуде. Екі өңірде де өте жоғары өрт қаупі бар.
Атырау мен Маңғыстау: ыстық, жел және тұман
Атырау облысында найзағай мен ыстық ауа райы (35–37°С), жел екпіні 18 м/с-қа дейін жетеді. Маңғыстауда тұман, найзағай және аса жоғары өрт қаупі тіркелуі мүмкін.
Шығыс Қазақстан мен Абай облысы: жел мен ыстық
Бұл аймақтарда солтүстік бағыттан соғатын жел 20 м/с-қа дейін күшейеді. Абай облысының оңтүстігінде күндіз 35°С ыстық, өңірде төтенше өрт қаупі бар.
Алматы мен Жетісу облысы: найзағай мен жел
Таулы өңірлерде найзағай күтіледі, жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Алматы мен Қонаевта күн күркіреп, найзағай болуы ықтимал.
Қызылорда: шаңды дауыл мен найзағай
Облыстың кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл және төтенше өрт қаупі тіркеледі. Қызылорда қаласында да найзағай мен өрт қаупі бар.
Түркістан мен Шымкент: дауыл мен аптап ыстық
Таулы аймақтар мен оңтүстікте дауыл мен найзағай, 15–20 м/с жылдамдықпен соғатын жел күтілуде. Түркістан мен Шымкентте аса жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысы: жауын-шашын мен қауіп
Таулы аймақтарда қатты жаңбыр, найзағай, жел, 15–20 м/с-қа дейін екпінді жел, ал Таразда аса жоғары өрт қаупі күтіледі.